АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДААУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 4курсстуденті Қали С.М(E-mail: mrs.symbat@mail.ru) Ғылыми жетекшісі:доцент,Коптлеуова Кульпаш Борисовна(E-mail: koptleuovak@mail

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДААУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

4курсстуденті Қали С.М(E-mail: mrs.symbat@mail.ru)

 Ғылыми жетекшісі:доцент,Коптлеуова Кульпаш Борисовна(E-mail: koptleuovak@mail.ru)

 

Ағылшын тілі — əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарымқатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын əдістерге төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Ауызша əдіс — теория жəне фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын жəне жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады

2. Көрнекі əдіс — бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мəселеге ықыласын көтеру жəне оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.

3. Практикалық əдіс — практикалық іскерлік пен əдетті дамыту үшін жəне тақырып мазмұнына сəйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.

4. Ойын əдісі — оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады. Аталған əдістерді пайдалана отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мəселелер мен қағидаларды оқушыға меңгерту тиімді болып табылады .

         Ауызша сөйлеуге үйретудің, біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде жəне монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пəнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мəтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едəуір байланысты болуы. Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек . Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-əрекет ұйымдастыруға болады. Шетел тілі пəні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет . Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мəтін бойынша жұмыс істеу үшін мына жаттығуларды беруге болады:  Мəтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу.

-  Мазмұнын түсіну.

-  Тірек-сызба сөздері арқылы баяндау.

-  Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу .

- Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету.

Диалогты сөйлеуде оқушылар сұрақ-жауап, өтініш айту, нұсқау беру жəне тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-əрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, əр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нəрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет жəне əр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы тиіс. Қазіргі кезеңде пəн мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуы жатады.

Ұжымдық, топтық білім беру технологиясы түрінде ауызша сөйлеуге үйрету оқушылар мен мұғалімдер, оқушы мен оқушы арасында іске асырылады. Біріншіден, олар бір-бірімен ауызша тілдесу арқылы қарым-қатынаста болса, екіншіден, ұжым арасында еңбек етуге үйренеді. Дегенмен əр ұстаз қандай технологияны таңдаса да ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс. Өйткені техникалық құралдардың əрқайсысын жете білу жəне меңгеру — оқушы үшін ең қажетті шарт. Сонда ғана оқушылар ауызша сөйлеуге үйреніп, олардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, сөйлеуге жаттығады.

 

Əдебиеттер тізімі:

1 Қазақстан Республикасыжалпыорта білімберудің мемлекеттікжалпыға міндетті стандарты. — Астана: ҚР БжҒМ, 2008. — 5-б.

2 Жұмаева Э.С. Ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі. — Қызылорда: Санат, 2012. — 20–24-б.

3 Қойшығұлова Л. Ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. —2014. — № 1. — 44, 45-б.

4 Брекеева А.С. Жаңа білім беру əдісі // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. — 2014. — № 1. — 10–13-б.

5 Бақытов А., Жұманова Р. Шетел тілін үйренуде тілдескіш оқу құралдарының тиімділігі // Мектептегі шет тілі. — 2011. — №4. — 23–25-б.

6 Бакишева Л.Б. Шетел тілі сабағында ойын технологиясын қолдану // Мектептегі шет тілі–Иностранный язык в школе. — 2011. — № 4. — 7, 8-б.

7 Альмухамбетова Г.К. Влияние стратегий технологии критического мышления на раскрытие творческих способностей учащихся // Респ. пед. журн. «Мастер-класс». — 2011. — № 5. — С. 3–6.

8 Кенжеева Г.Қ. Оқыту мен тəрбиелеудің қазіргі заманауи технологияларын оқыту үрдісіне енгізу негізінде